Ақпарат

Астанада автобустың жаңа бағдары іске қосылады

Бағдар «Үркер» және «Отау» шағын аудандары арасында жүреді.
Осы сенбіде, 10 тамызда жаңа № 62 бағдар өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Құрметті Астана қаласы қоғамдық көлігінің жолаушылары!
Осы сенбіде, 10 тамызда жаңа № 62 бағдар өз жұмысын бастайды.
Бағдар «Үркер» және «Отау» шағын аудандары арасында жүреді», — делінген хабарламада.
Бағытқа 15 автобус қызмет көрсетеді, қатынау жиілігі 11-20 минут болады. Қозғалыс сызбасын CTS Instagram парақшасының Tаplink-те көруге болады.
Бағдар:
•⁠ ⁠»Отау», «Үркер» шағын аудандарында қоғамдық көліктің қызметін жақсартуға;

•⁠ ⁠Қ. Мұхамедханов, Сарайшық көшелері мен Р. Қошқарбаев даңғылын тура жүретін бағдармен қамтамасыз етуге;

•⁠ ⁠№№ 7, 11, 18, 43, 45, 47, 49, 52, 54, 56, 66, 71, 80 бағдарларының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.
«Жыл соңына дейін тағы да бағдарлар іске қосу жоспарлануда. Біздің парақшаны оқи жүріңіздер», — деп қосты компания.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Маңғыстауда алпыс мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Лионель Месси MLS-те екі жаңа рекорд орнатты

ПОЛИЦЕЙЛЕР СКУТЕР ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕРДІ АНЫҚТАДЫ

Пікір қалдырыңыз