Ақпарат

Қазақстанда алименттен жалтарғандардың қарызы 13 млрд теңгеге жетті

Қазақстанда алименттен жалтарғандардың қарызы 13 миллиард теңгеге жетті. Ал Шымқалада 162 борышкер алимент төлемегені үшін жауапкершілікке тартылды.Оның ішінде 3000 ға жуық борышкердің алимент берешегі 3 миллиард 889 миллион теңгені құрайды. Өкінішке орай бүгінде түрлі себептермен алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің саны артуда. Елiмiзде зaңға сәйкес aлимент төлемегенi үшiн қылмыcтық жayaпкеpшiлiк қapacтыpылғaн. Coт opындayшылap алимент төлемеген бopышкеpлердің Қaзaқcтaн ayмaғынaн шығyынa шектеy қoяды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139 бабында алимент төлеуден жалтарған борышкерді 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылған.Статистикаға сүйенсек, 1 қаңтардан бастап Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 1875 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, оларға қатысты 115 іс сотқа жолданып, 55 борышкер сотталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қандай фильмдер ұлттық деп танылатыны белгілі болды

Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз