Ақпарат

Түркістанда жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологиялар қолданылады

Облыста жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды қолдану көзделіп отыр. Бұл мәселе Түркістан облысы, Сайрам ауданында өткен дала семинарында кеңінен талқыланды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, ғалымдармен, шаруалармен пікір алмасты. «Ауыл шаруашылығын дамыту: «ЭКО-бақ» жүзімдік алқаптарында экспортқа бағытталған, нарықта жоғары сұранысқа ие жүзім сұрыптарын өсіруде озық инновациялық технологиялар және заманауи машиналар кешенін тиімді пайдалану» тақырыбындағы «Егінжай күні» дала семинарына білікті ғалымдар, шаруалар, кәсіпкерлер қатысты. Өзбекстаннан келген сарапшы, «Eco Fruit Conseil» компаниясының басшысы Шухрат Аброров көрші елдегі жүзім өсіру тәжірибесін таныстырды.Семинарда жүзім шаруашылығынан бөлек, ағаштар мен өсімдіктерді түрлі аурулардан, зиянкестерден қорғау,өнімділікті арттыру, ғылыми жетістіктерді өндіріске жедел енгізу жолдары қаралды. Ұсынылған идеялар бойынша тиісті жұмыс жүреді.

Related posts

Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды

Кәрім Мәсімовтің рақымшылығы қарала ма? – Жоғарғы сот жауап берді

Өрт — тілсіз жау

Leave a Comment