Ақпарат

Биыл Сайрамда заманауи құрама жем өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында өндіріс орындарының саны артып келеді. Өңірдің еңбекқор халқы кіші, орта, отбасылық кәсіпті жандандыруға бет бұрған. Жергілікті кәсіпкерлер шет мемлекеттерден тәжірибе жинап, өндірісте үздік технологияларды пайдаланып жатыр. Инвесторлар тарту жұмыстары да қарқын алды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, біқатар нысанды аралады. Аудан әкімі Арман Сәбитов жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды. Облыс әкімі Ақсукент ауылдық округі, Манкент ауылында салынып жатқан «Nurym Group» түйіршіктелген құрама жем зауытының құрылыс алаңында болып, жеке инвестордың жобасының қазіргі жай-күйін бақылады. Зауыттың құрылыс жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталған. Кәсіп иесі биыл қазан айында нысан құрылысын аяқтап, өндіріс орнын жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде құрылыс жұмыстары 60%-ға орындалған.
Түркия елімен жүргізілген келіссөздер негізінде қондырғылар маусым айында толық жеткізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарымен қатар қондырғыларды монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Зауыттың барлық кезеңдеріндегі жұмыстар автоматтандырылған жүйелер және заманауи жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.

Related posts

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

«АРМАН ӘЛЕМІ» АТТЫ ҚОЛ КІЛЕМ ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Алматы облысында шетелдік азамат жасырын медресе ашып, 19 баланы оқытқан

Leave a Comment