Ақпарат Қоғам

Қазақстандықтарға 8 млн теңгеден жоғары кредит кепілсіз берілмеуі мүмкін

Елімізде тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі. Аталған қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп жазады inform.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктердің 2 200 АЕК мөлшеріне дейін бере алатын кепілсіз несие сомасын шектеуді ұсынып отыр. 2024 жылғы АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемі – 3 692 теңге. Егер жаңа қаулы қабылданса, азаматтар кепілсіз 8 млн 122,4 мың теңгеден астам сомаға несие алу мүмкіндігінен айырылады. Ал, микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз кредит берудің сомасы екі есе төмен, яғни микроқарыз көлемі 4 млн 61,2 мың теңге болса кепілсіз бермеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатта жобаның әлеуметтік маңызы жоқ екендігі айтылған. Мақсат – несие беру тәжірибесін банктер мен микроқаржы қызметі туралы қолданыстағы заңдардың нормаларына сәйкес келтіру. Айта кетейік, жаңа нормалардың кепілдендірілген несиелерге қатысы жоқ. Еске сала кетейік, биыл 19 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Related posts

«Байдың тойында шулаған елді өзіне ұйытып әкетті»: танымал асаба Тамара Асар жайлы естелікпен бөлісті

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН XXII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

«Сізді тұңғиыққа ұшып бара жатқандай сезінесіз». Алматыдағы люктермен не болып жатыр

Leave a Comment