шоу бизнес

«Күйеуіме шарт қойдым»: Айсәуле Бақытбек үшінші жүктілігі туралы сыр шертті 

Жақында ғана үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған Айсәуле Бақытбек желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Айсәуле Бақытбектің отбасындағы жаңалығы барша оқырманын қатты таңғалдырғаны анық. Желі қолданушылары блогер арудан мән-жайды білу үшін жүктлікке қатысты сұрақтарды жаудырды. Оқырмандардың бірі желі жұлдызынан «жүктілігіңізді жоспарладыңыз ба?» деп сұрады. «Әрине, сырт көзге мен есcіз адамдар болып көрінетін шығармыз. Бірақ біз барлық баламызды жоспарладық. Біз 8 жыл бойы өзіміз үшін өмір сүрдік. Қыдырып, демалып алдық. Содан кейін келесі кезеңге өтіп, ата-ана болғымыз келді. Шынымды айтсам үшінші рет жүкті болуға құлшынысым аса болған жоқ. Бірақ күйеуім күнде айтып жүріп, ақыры көндірді. Мен дәрігеріме тағы да балалы болуды жоспарлап жатқанымызды айттым. Ол бұл жаңалыққа аса риза бола қойған жоқ. Десе де біздің дегеніміз болды», — деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында. Сонымен қатар блогер ару жүктлігі алдында жолдасына қандай талап қойғанын айтты. «Күйеуіме «қанша бала болса, сонша күтуші де болу керек» деген шарт қойдым. Ол бірден келісті. Тіпті «түнде қарасатын күтушіні де жалдаймыз» деді», — деп жазды желі жұлдызы.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды

«Біз жақта ауланы ер адамдар сыпырады»: Меруерт Түсіпбаева Сарыағаштағы келіндік өмірі туралы айтты  

«Неше күннен бері түсіме кіріп жүр»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды

Пікір қалдырыңыз