Ақпарат

Алматы облысында сел жүріп, үйлерді су басты

15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды.

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді, деп жазады inform.kz. Осылайша 15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды. Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан су сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр. Жағдайға мониторинг жалғасуда. Бұл іске ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді

Тараздық полицейлер жолда талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті

Қуандық Бишімбаев басты сот отырысына неге келмеді

Пікір қалдырыңыз