aspan Ақпарат

Таразда прокурор шелпекке қақалып, қайтыс болды

Тараз қаласы Прокуратура бөлімінің аға прокуроры Сергей Налыгачев дүниеден озды. Болжам бойынша, ол жергілікті дәмханалардың бірінде шелпекке қақалып, артынша тұншығып өлген, деп жазады inform.kz.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 маусымда болған. Прокурор қайтыс болған дәмхананың әкімшісі оқиғаның мән-жайын айтып берді. «Налыгачев кафеге досымен бірге келді. Олар тапсырыс берген. Даяшы алдымен тек шелпек әкеліп үлгерген. Марқұмның досы оның тұншығып өлгенін айтты. Ал жедел жәрдем дәрігерлері келгенде ер адамның кім екенін анықтап, бір-екі күн бұрын инсультпен ауруханаға жатып, шыққанын айтты. Ем алмай, ауруханадан шығып кеткені айтылды», — дейді дәмхана әкімшілерінің бірі. Сондай-ақ әкімші прокурорға досы алғашқы медициналық көмек көрсете алмағандықтан, өлді деген болжам айтты. 15 минуттан кейін жеткен жедел жәрдем қызметкерлері марқұмның өлі екенін растаған. Жамбыл облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Сергей Налыгачев 20 жылдан астам прокуратурада түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Ол нағыз өз ісінің маманы болған. Өте мейірбан, жанашыр жақсы адам болған. «Ол ұжым арасында үлкен құрметке ие болды», — деді ведомстводан. Жамбыл облысының прокуратурасы отбасы мен жақындарына көңіл айтып, марқұм прокурордың отбасына моральды және материалды қолдау көрсетуге уәде берді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент ҮШІНШІ МЕГА ҚАЛА КЕЛДІ

«Тұшпара мен шұжық алған»: СҚО-да уланып көз жұмған екі балаға қатысты тың дерек шықты 

eGov.kz жүргізуші куәлігін алудың қандай жаңа талаптарын енгізді

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз