Ақпарат

Қазақстан бюджеттің 17 пайызын қарызды өтеуге жұмсап отыр

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында баяндама жасады.

Он жыл бұрынғы борыштарды төлеудің басым көлемінің жүктемесі 2024-2025 жылдарға түседі, деп жазады Inbusiness.kz. «Қарыз алу құралын кеңінен қолдану даборыш жүктемесінің тәуекелін арттырады. Қазірдің өзінде борышты өтеу және қызмет көрсету шығыстары бюджеттің барлық түсімдерінің 17%-дан астамын құрайды. Біздің бағалауымыз бойынша, он жыл бұрынғы борыштарды төлеудің басым көлемінің жүктемесі 2024-2025 жылдарға түседі. Борыш тұрақтылығының ағымдағы жай-күйін сапалы бағалауды қамтамасыз ету үшін базалық көрсеткіштер тізбесін кеңейту маңызды. Қарыз қаражаты индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуы тиіс. Мұндай жобалар табысты генерациялау керек», — деді Әлихан Смайылов. Сонымен қатар соңғы жылдары шығындар да едәуір өсіп келеді. Бұл ретте мұнайға қатысты емес кірістер шығыстардың 50%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Қалған бөлігі негізінен Ұлттық қордың трансферттері және қарыздарды тарту есебінен өтеледі. Сондықтан тапшылықты ұстап тұру жеткіліксіз. Ол үшін тапшылығы жоқ бюджетті қалыптастыратын ұзақ мерзімді жоспар қажет. «Ұлттық қорды басқару жөніндегі нормативтік құқықтық база тұрақтылықты қажет етеді. Олай болмаған жағдайда Мемлекет басшысының Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай $100 млрд дейін ұлғайту жөніндегі мақсатына қол жеткізбеу тәуекелі жоғары екенін көріп отырмыз», — деді бас аудитор.

 

 

Related posts

МАРИХУАНА ШЕГІП, КӨЛІК ТІЗГІНДЕП, БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНА ТҮСІП ҚАЛҒАН

Тікелей эфирдегі монетизация: Tik Tok жаңа ережелер енгізеді

Мектеп бітіру кешіне рұқсат етілмейтін болды

Leave a Comment