Ақпарат Денсаулық

Елімізде қауіпті ауруды ерте анықтаған дәрігерлер сыйақы алады

Жоба жергілікті учаскелік ақ халаттылардың жұмысын арттыру мақсатында қолға алынып отыр.

Биылдан бастап қазақстандық дәрігерлер қауіпті ауруды анықтаған әр жағдай үшін сыйақы алады. Пациенттен қатерлі ісік пен туберкулез ауруының белгілерін тапса, 5 АЕК немесе 18 460 теңге үстемеақы алады. Төлем әр тоқсан сайын жалақымен бірге беріледі, деп жазады inbusiness.kz. 18 460 теңге қатерлі ісік пен туберкулез ауруларын ерте анықтаған учаскелік дәрігерлерге төленеді. Төлем балдық және бонустық жүйеде жүзеге асырылады. Олар әр ауру белгісін анықтаған жағдайда 5 АЕК бонус алады. Анықталған аурулар саны жүз ұпайға жетсе, әрқайсысына 16 000 теңгеден есептелінеді. Қаражат тоқсан сайын жалақымен бірге беріледі. “Сыйақы тек аймақтық, медициналық санитариялық алғашқы көмек қызметкерлеріне, соның ішінде аймақтардағы дәрігер, акушерлерге беріледі”, – деді денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдырәлиева. Сондай ақ бонус ұлттық қажеттіліктерге арналған динамикалық клиникалық платформада автоматты түрде есептеледі. “Сыйақы беру балдық және бонустық жүйеде жүреді. Ана өлімінің болмауы, жүкті әйелдердің он екі аптаға дейін тіркелуі, бала өлімі деген сияқты сегіз индикаторды орындамағыны үшін ақша алынатын болса, қазіргі таңда сол ақшаның сомасы тоқсан сайын беріледі”, – деді ол. Елімізде жылына 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдықса, 200-ден астам адам туберкулезбен ауырады. Дәрігерлер мұның себебін халықтың уақытылы медициналық көмекке жүгінбейтінімен байланыстырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қарағанды зауытындағы апат: күйік алған металлургтерді емдеуге ресейлік дәрігерлер келді

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар көлік жүргізушілеріне хат жазды

Мешіттегі төбелес

Пікір қалдырыңыз