Ақпарат

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды: мән-жайы белгілі болды

Алматы облысының әкімдігі туристер мінген автобус апатына қатысты мән-жайды айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, автобус жүргізушісі Аласа асуындағы бұрылыста жолдан шығып кеткен. Автобус шұңқырға құлап, бүйіріне аударылып қалған.

Оқиға орнына Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы барған.

«Автобуста 37 адам болған, олардың барлығы қазақстандық туристер, олар Көлсайға бара жатқан. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кейін автобуста Ресейден келген екі турист болғаны белгілі болды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістанда екі баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДІ ЖҮКТЕДІ

МАРИХУАНА ШЕГІП, КӨЛІК ТІЗГІНДЕП, БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНА ТҮСІП ҚАЛҒАН

Пікір қалдырыңыз