Ақпарат Шымкент

Шымкентте су тасқынын жоюға қатысқан құтқарушыларды салтанатты түрде қарсы алды

Шымкенттік құтқарушылар Ақмола облысында су тасқыны қарсы жұмыстарды толық орындап, тұрақты орналасу пунктіне оралды. Оларды салтанатты түрде әріптестері мен туыстары күтіп алды.
Салтанатты іс-шара барысында Шымкент қаласы ТЖД бастығы генерал-майор Қ.Базарбаев авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген құтқарушыларға алғыс айтып, бірлескен әрекет пен күш-жігер қиын кезеңді еңсеруге көмектескенін атап өтті.

Шымкент қаласы ТЖД күштері мен құралдары Ақмола облысындағы су тасқынына қарыс іс-шараларға белсенді қатысты. Олар 28 наурыздан бастап Ақмола облысының Аршалы, Атбасар, Целиноград аудандарында тәулік бойы су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізіп, дамбыларды нығайту үшін инертті материалдармен толтырылған 21270 қап төседі, сондай-ақ 100 480 текше метр су сорды. Тұрғындарының атынан шымкенттік құтқарушылардың кәсіби түрде, уақтылы және нәтижелі атқарған жұмыстары үшін алғыс сөздер айтылып, облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.
Еске сала кетейік, Ақмола облысына Шымкент қаласы ТЖД 40 жеке құрам, 5 бірлік техника, 15 дана мотопомпа, 1 бірлік қайық жіберілген болатын.

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Төрт орын ғана қалған Ұлттық пантеонда кімдер жерленген?

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алаяқтыққа барған

ӘУЕ ШАБУЫЛЫНАН ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНА ЖАС САРБАЗДАР КЕЛДІ

Пікір қалдырыңыз