Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДА КӨПҚАБАТТЫ 22 ҮЙ ГАЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

“Отырар” шағын ауданында орналасқан көпқабатты 36 үйдің қазіргі таңда 22-сі табиғи газ тұтынуда. 11 үйде газ құбырларын қосу жұмыстары атқарылуда.
Түркістан қаласы әкімдігінің аппараттық мәжілісінде құрылыс бөлімі басшысының есебін тыңдаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шағынауданды табиғи газбен қамтуды 30-сәуірге дейін толық аяқтауды тапсырды.
Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы қала аумағында санитарлық тазалықпен “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС-дан бөлек 6 жеке кәсіпкер айналысатынын, жалпы 907 көше аумақтар бойынша бекітілгенін баяндады.
«Соңғы кезде маған тұрғындардан тазалыққа қатысты шағым жиі түсетін болды. Бұл жеке кәсіпкердің жауапсыздығы ма әлде жұмысты өз деңгейінде бақылай алмаған бөлімнің кінәсі ма? Жұмысты қолынан келетін адамға беру керек. Қадағалауды күшейтіңіздер», деген қала әкімі жауапты азаматтарға ескерту жасады.
Күн тәртібіне сәйкес, мәжілісте облыс әкімінің, қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы да сараланды. Сонымен қатар қаладағы кәріз жүйесінің құрылысы жүрген көшелерге табиғи тапталу кезеңінен өткенше тас төсеп, оны тегістеу жұмысын толық аяқтауға екі апта мерзім белгіленді.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Нетаньяхудың Газаға қатысты әрекеттері Израильге көмектесуден гөрі көбірек зиян келтіруде» — Байден

Павлодар облысында жылқы қырылып жатыр

Қазақстанның үш облысында республикалық жолдар жабылды

Пікір қалдырыңыз