Жаңалықтар Қоғам

Үйіңіз су тасқыны салдарынан суға кетсе, не істеу керек? Заңгер кеңесі

Қазір елде су тасқыны мәселесі ырық бермей тұр. Төтенше жағдайға төтеп беру қиынға соғып жатыр. Көптеген ауыл тұрғындарының үйлері суға кетті. Су тасқыны салдарынан үйіңізді су басса, қандай көмек ала аласыз? Бұл сұраққа заңгер Думан Көпбаев жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Маман мұндай жағдайда біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты.

«Әлеуметтік көмек көрсету бойынша 50 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, бұл 184 600 теңгеге тең. Ол үшін әкімдікке немесе ауылдық округ әкіміне келтірілген залал фактісін растайтын өтінішпен және құжаттармен (ТЖ органдарының анықтамасымен) жүгіну қажет», — дейді заңгер.

Заңгер зардап шеккендерге жергілікті бюджет қаражатынан төлемдер көрсетілетінін ескертті.

«Жылжымайтын мүлікке (үйге, ғимаратқа), жылжымалы мүлікке (автокөлікке, ауыл шаруашылығы техникасына және т.б.), малға және т.б. залал туындаған кезде зардап шеккендерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлемдер көрсетілетін болады. Ол үшін жергілікті әкімдіктерге өтінішпен жүгініп, жоғалған мүліктің тізбесін және меншік құқығын тіркеу туралы растайтын құжаттарды қоса беру қажет. Мал бойынша АЖТ (ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу) жүйесінде тіркеу қажет. Залалдың мөлшерін жергілікті атқарушы органдар тәуелсіз сараптама жүргізу арқылы айқындайды», — дейді Думан Көпбаев.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бүкіл әлемде баспана арзандап барады. 2008 жылғы дағдарыстың басы сияқты ма?

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: 3 ТӘУЛІКТЕ 47 ТОННА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Пікір қалдырыңыз