Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Төлеби ауданында ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі тойланды. Аудан орталығында ұйымдастырылған «Қош келдің, әз-Наурыз!» салтанатты іс-шарасы театрландырылған көрініспен ашылды. Қыдыр баба бата беріп, жаңа жылдың жаршысы болған Ұлыстың ұлы күні береке-байлығымен, молшылығымен келуін тіледі. Ауданның жас ақындары айтысып, сөз маржанын төкті.
Ұлт өкілдері арасындағы татулық пен достықты нығайту мақсатында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен концерттік бағдарламалар мен ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін қолөнер бұйымдарының көрмелері өткізілді. Аудан өнерпаздары мерекелік концертте әуелете ән айтып, мың бұрала би биледі.
«Жаңа жыл келді, ырзық келді» деп, аудан халқына арнайы киіз үйлер тігіліп, мерекелік дастархан жайылып, ауыл шаруашылық көрмесі қойылды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев Ұлық мерекемен аудан халқын құттықтап, «байтақ елімізге молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін» деген тілегін жеткізді. Төлеби ауданының әкімі қарияның өтінішін орындап, балақайдың тұсауын кесті.
Күн мен түннің теңеліп, Жер ана оянып, шаруаның бір малы екеу болып көктеммен бірге келген ұлттық мерекеге орай, алтыбақан орнатылып, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, аудан тұрғындары наурызкөже мен ыстық бауырсақтан және өзге де ұлттық тағамдардан дәм татты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Көпқабатты тұрғын үй кешендері бос тұр». Алматыда жер сілкінісінен кейін жеке үйлерге сұраныс артты

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТУРИСТІК АСТАНАСЫ» АТАУЫМЕН ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Пікір қалдырыңыз