Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КЕҢ КӨЛЕМДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыс көлемінде кезекті сенбілік өтті.
Аталған сенбілікке жергілікті әкімдіктер, барлық мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты.
Жалпы елдімекендер аумағын қоқыс қалдықтарынан тазарту, экологиялық аймақтардың тазалығын сақтау, су айдындарының арналарын ашу, көше бойларын және арық-атыздарды қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған шараға 20 мыңға жуық адам қатысып, 279 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, жалпы көлемі 1 010 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға тасымалданды. 1 152 көшенің бойлары, 265 шақырым аяқжолдар тазаланды. Сонымен қатар 271 саябақ, 55 скверлер және 269 балалар алаңшалары мен 268 спорт алаңшалары мен 14 автобус аялдамалары әктелініп, сырланды.
Одан бөлек 897 көпқабатты үйлердің аумақтары мен кіреберістері, 318 үй іргелік аулалары ретке келтірілсе, 131 шақырымды құрайтын ирригация жүйелер қоқыстан арылды.
Бүгінгі тазалық жұмыстарының арқасында 62 827 көктемгі және күзгі ағаш-бұталар отырғызылып, 633 үй қасбеттері әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 95 көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды.
Айта кетейік, 2 айы ішінде әр сенбі сайын сенбіліктер өткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тоқаев Әзірбайжанға сапары алдында сұхбат берді

Макрон Украинаны «өте тез» жеңу қаупі туралы мәлімдеді — БАҚ

Жаңа депутат Мәжілісте ант қабылдады

Пікір қалдырыңыз