Жаңалықтар Қоғам Шымкент

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ: ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ПЕН ЖӨН-ЖОРАЛҒЫСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Бүгін 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, «Наурыз» алаңында «Шуақ шашқан әз-Наурыз» іс-шарасы ұйымдастырылды.
🔷 Мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қазыналы қариялар, ақ жаулықты аналар, дәстүр жанашырлары, 6506 әскери бөлімінің сарбаздары және қала тұрғындары қатысты. Көрермендерге арнап Шымкент қалалық Мәдениет үйі, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен өзге де мәдениет мекемелерінің өнерпаздары өнер көрсетті.
🔷 Іс-шараның мақсаты – халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау.
🔷 Салтанатты жиында «Тілеу көже», «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Жақсының орнына аунату», «Тұсаукесер», «Ашамайға мінгізу», «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бұрымын өру», «Қыз ұзату» және «Беташар» ғұрыптарынан музыкалық-театрландырылған көріністер қойылды.
🔷 Мерекелік кеш соңында алаңға жиналған қауым Тілеу көжеден дәм татып, ғұрып-салттарымыздың шығу тарихы мен мән-мазмұны айшықталған іс-шарадан рухани сусындап қайтты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
и ещё 19
Все реакции:

7

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматы тауларында 20-дан астам заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін

Алматыда дауылдың салдары бағаланды

Ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Пікір қалдырыңыз