Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда өте үлкен сәби дүниеге келді

Алып сәби 8 наурызда Ақтауда дүниеге келген, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ақтау қаласындағы 26-ықшамаудандағы перинаталдық орталықта 8 наурыз мерекесінде 22 сәби дүниеге келсе, оның тоғызы қыз, 13-і ұл.

«Ең ауыр салмақ ұл балада тіркелді — бойы 60 сантиметр болатын 5 380 грамм. Мұндай параметрлермен туылған бала алып болып саналады», — делінген аурухананың хабарламасында.

Баланың салмағы да ең кішкентай – 2700 грамм, бойы – 49 сантиметр.

Былтыр қыркүйекте Алматыда 6 келі 300 грамм салмақпен сәби дүниеге келген. «Дәрігерлер, ананың өзі сияқты, баланың соншалықты үлкен болатынын күтпеген».

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ДИАЛОГ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҒЫН СУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз бала 10 күннен бері іздестірілуде

Пікір қалдырыңыз