Жаңалықтар Қоғам

Қазақтардың жұмыс аптасы қысқа болады

Осы аптада қазақстандықтар алдағы мерекеге байланысты үш күн қатарынан демалады, — деп хабарлайды Aspan.info.

2024 жылы 8 наурыз жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан – 8, 9 және 10 наурыз (жұмадан жексенбіге дейін) демалады.

8 наурызда Қазақстанда Халықаралық әйелдер күні тойланады. Бұл күн мемлекеттік мереке және жұмыс емес күн болып саналады.

Алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер 8 және 10 наурызда (жұма және жексенбі) демалады. Сенбі, 9 наурыз олар үшін әдеттегі жұмыс күні.

Жалпы алғанда, 2024 жылдың наурыз айында бес күндік апталық жұмыс істейтіндер үшін 14 демалыс және 17 жұмыс күні күтілуде.

Related posts

Макрон НАТО әскерін Украинаға жіберу туралы сөзіне түсініктеме берді

Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шығып, екі адам зардап шекті

1688 Alibaba Қазақстан нарығына шықты

Leave a Comment