Жаңалықтар Қоғам

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен ер адам мен 18 жастағы қыздың өлі денесі табылды

Алматыда үстіміздегі жылдың қаңтар айында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам мен 18 жастағы қыздың өлі денесі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады, — деп хабарлайды Aspan.info.

2005 жылы туған Әмина Ерланқызы 12 қаңтарда жоғалып кеткен. Бойжеткен Алатау ауданы, Шаңырақ-2, Қаракемер көшесі, 135-үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

Бойы 165 сантиметр, арық денелі, қара, шашы ұзын, көзі қоңыр. Ол ақпан айында өлі табылды.

«Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталуда», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1985 жылы туған Жапаров Кенгес 16 қаңтарға қараған түні жоғалып кеткен. Ер адам Талғар ауданы, Нұра ауылы, Досмұхаметов көшесі, 10-үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

29 ақпанда жоғалған азаматтың қайтыс болғаны белгілі болды. Әзірге ер адамның өлімі туралы толық мәлімет берілген жоқ.

Related posts

Қазақстандағы жер сілкінісі: құтқарушыларға жүздеген қоңыраулар түсті

Қазақстанға 85 миллиард теңгенің активтері қайтарылуы мүмкін

Ресейде күш құрылымдарымен атыста екі қазақстандық қаза тапты — БАҚ

Leave a Comment