Жаңалықтар Қоғам

Тоқаевқа Сатыбалдыұлы ісінің жаңа мәліметтері айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу туралы айтты, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Антикор» басшысының айтуынша, Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында 2024 жылдың басынан бастап бюджетке шамамен 82,6 миллиард теңге (185 миллион доллар) түскен.

Сондай-ақ, Ақмола облысы Қосшы қаласындағы нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асатын 942 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың наурыз айында Сатыбалдыұлы шетелге ұшпақ болған жерінде ұсталған болатын. Қайрат Сатыбалдыұлы 28-баптың 3-бөлігімен кінәлі деп танылды; 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы; 195-баптың 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Дәлелденген айыптардың ішінде «Қазақтелеком» АҚ-на 12 миллиард теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтіру және «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ мүлкін жымқыру бар.

Related posts

Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Көлік министрі жеке тұлғалар тарапынан қысым болғанын айтты

Қазақстан Apple компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр

Leave a Comment