aspan

АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ – АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ АРАЙЛЫ МЕРЕКЕСІ

Шымкентте 30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының күні қарсаңында «Ұлы дала шежіресі – Ата заң» мерекелік салтанатты іс шарасы өтті, деп хабарлайды aspan.info.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов мерекелік жиынға арнайы қатысып, қала жұртшылығы мен қонақтарын ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтады. Арнайы театрландырылған қойылымнан басталған салтанатты кеште Әнұран шырқалып, Көк Туымызға құрмет көрсетіліп, сарбаздар рухты асқақтататын патриоттық әндерді шырқады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғыртып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру мақсатында жүйелі реформаларды жүзеге асырып келеді. Бүгінде Қазақстан құқықтық-демократиялық дамудың жаңа бір кезеңін бастан өткізіп жатыр. Азаттығымыздың айшықты айғағы айналған Ата Заң — тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Халықтың өзі дауыс беріп қабылдаған өзгерістер арқылы Конституциямыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылып отыр» , – деді қала әкімі.

Салтанатты басқосу ел мен ұлттың ынтымағы, дамуы жолында үлес қосып келе жатқан азаматтарды марапаттау рәсіміне ұласты. Ата Заңымыз ұлықталған мерекелік іс шарада қалалық мәдениет үйі өнерпаздары, цирк әртістері мен өзге де жергілікті өнерпаздар патриоттық бағыттағы ән-жырлары мен қойылымдарын көпшілікке ұсынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды: сот шешімі күшінде қалды

Қарағандылық оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдемек болған.

Полиция жалған нотариустың алаяқтық әрекетін әшкереледі

Пікір қалдырыңыз