aspan

АҚҚА НЕГІЗСІЗ КҮЙЕ ЖАҒУ ЖАҚСЫЛЫҚТАН ЕМЕС!

Бүгін «Ойнет» сайтында жазылған бір мақалаға көзіміз түсті. Басында онша мән бермей ат-үсті оқып жатып, еріксіз қызығушылығымыз артып, бастан аяқ оқып шықтық. Тақырыбы «Болатханұлының бас ұстаз болуға моральдық құқы бар ма?» — депті. Қалай ойлайсыз? Қатаң тексеруден, қатаң болғанда да, «Лупамен» қарап, қазақша айтқанда май шаммен қарап, құзырлы органның өзі қылмыстық құрам жоқ деп шешім шығарған іске, қайтсемде соның орнына бастық боламын деп түсінде де, өңінде де  өзін көріп жүрген бір басшысының тапсырысы ма деп жеке ойымызға алдық. Бұл  сол жеке ойымыздағы бастық болса, оған  қайта оралармыз.

Ал, енді білім басқармасын басқарып отырған Д. Болатханұлына келтін болсақ, ол тағайындалғаннан бері, ол таңайындалғанға дейінгі, кейінгі жағдайды айтатын болсақ, жемқорлыққа батқан басқарманы қайта қалпына келтіру үшін жасаған тірліктерін, Облыс әкімі Дархан Сатыбалды да және облыстың зиялы қауымы да көріпте, айтып та, жазып та жүр. Біз әділетін айтатын болсақ, балабақшамен мектептердегі жемқорлық Болатханұлына дейін-ақ белшесінен батқан болатын. Оны бізде зерттеп, зерделеп көтергенбіз.  Атап айтатын болсақ, балабақшаға аударылған қаржы «Мертвые души» деп атаймыз ба? Жаға ұстатарлық жағдайда болған. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, мұның беті де ашылды. Заң бұзғандар тиісті жазасын алды. Неге енді осыған жол бергендер, сол кездегі білім басқармасын басқарған мырзалар туралы ештеңе жазылмайды? Соларды тексеремін, қылмысты ашамын  деп, Дінисламның өзі жау арттырмады ма?! Яғни сол балабақшалардың артында тұрған кейбір шекпенділер жеп отырған май шелпектерінен айрылды. Мұны бір деп қойыңыз.

Екінші, өздеріңізге белгілі Сайрам және Төлеби ауданындағы  білім бөлімдерінің басшыларына қатысты біржарым жыл бойы қылмыстық істерін сот талқылып,  зерделеп, өз шешімдерін шығарды. Келес ауданында тексеру процестері болып жатыр. Жоғарыдағы екі басшыға да, Келеске де, Д. Болатханұлының түк қатысы жоқ екені баршаға  белгілі. Олар басынан шіріп қойғандар.  Ал, енді сол  аудандарда сотты болған басшылар не істемеді?  Қанша Заңсыздықтар ашылды. Халық жақсы таниды оны да. Әсіресе Төлебидің бұрынғы басшысы, соты бітпей тұра білім бөлімне келіп, мен қайта келмін, ақталамын деген «Қияалдағы арман» әркеттерін ұялмай әлеуметтік желіге де салды ғой. Оған не дерсіз?

Директорларды тағайындау жүйесі де күрт өзгеріп, комиссия құрамы жаңадан құрылып, соңғы нүктені сол комиссиялардың шешімімен анықтайтын болды. Оған Д. Болатханұлы қатыспайды да. Комиссия өз төрағаларын сайлайды. Енді Заңды сұрақ туындайды. Комиссияға қатыспаған Болатханұлы жемқор ма? Жоқ түрлі сала мамандарынан  жиналған комиссия құрамының мүшелері жемқор ма?  Бұған не айтасыз?! Республиканың түрлі аймақтарында басшылық қызметтерді абыроймен атқарған азаматқа, туған жерінде адал қызмет жасаймын деген ізгі ниетіне балта шабу емес пе бұл? Бұл саланың ыстық-суығынан өткен Болатханұлының әлі де Елге берері көп деп ойлаймыз.

Мақаланың негізгі мәйегіне келсек, «Д. Болатханұлы екі орынбасарымен 11 млн. Теңге  пара алды деген күдікке жетелегені туралы да жазады». Алайда, 11 млн. параны ешкім алмаған. Түркістан облыстық  «Аманат»  партиясының ұсынысымен, Екібастұзда жәбір көрген жас өрендерді моральдық, рухани қолдау мақсатында оңтүстік өңіріне келген оларды тынықтыру ниеті негізінде  жоспарланған болып шыққан. Егер басқарма басшылары жеке мүдделеріне алған болса, сол сәтте- ақ  «Антикордың» өзі, басқарма басшысын командасымен қоса,  сөзге келмей тоғытар еді абақтыға. Ойнеттің бұл күдігі  де орынсыз, дәлелсіз болғанығой өкінішке орай.

Сын жазу үшінде, шын жазу керек деген қағидаға сүйенсек, жаптым жала, жақтым күйе, обалы қайтар өзіңе дегенді ұмытпауымыз керек.  Бұл жерде Д. Болатханұлының  өзі емес,  «Өлтіріп» бара жатқан лауазымы, орынтағы бәз біреулерге қажет сияқты. Алайда,  айды етекпен жабуға болмайтын сияқты, Дінисламның да  еңселі еңбегін ешкім жаба алмайды. Оның есігі қашанда ашық. Облыс әкімімен бірге ашықтық пен жариялықпен жұмыс жасап келеді. Енді жоғарыда жазған бір басқарма басшысына оралсақ. Өздеріңізге белгілі әлеуметтік желілерде «Антикор» тексеру жүргізіп жатқан сәттерде, гу-гу әңгімелер шығып, «Басқарма басшысы кетеді екен, орнына Түркістан облысы  Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматовты келеді екен» деген жазбалар желдей есіп жүрді. Мұны барлығыңыз көрдіңіздер, оқыдыңыздар. Бізде соған сеніп Ғалымжан Алматовты түсімізде де, қиялымызда да көріп жүрдік. Содан соң біздің ойымызға ойнет  жазбасынан Ғалымжанның бейнесін елестеттік.

«Ооо, Ғалымжан бауырымыздың Шымкентте мектеп директоры кезінде жасаған ерліктері ерекше ғой шіркін. Әсіресе тұлғаларды көбейтуі, оның ішінде қазіргі  қала әкімі Әйтеновтың және білім басқармасының басшысы Ж. Арысбекқызының суреттерін  тұлғалардың  қатарына іліп қойып, комиссяны бір риза қылған жері бар.  Сол кезде Әйтеновте, Арысбекқызы да жер жарылмай жерге кірмеді.»  Содан соң өсу жолдары басталып,  Шымкенттің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментін бір шулатып, Түркістаннан бір ақ шықты.  Әрине армандауға болады оған. Соңғы кезде Ғалымжан басқарып отырған мекемеге білім ошақтары тарапынан көптеген наразылықтар мен арыздар шығып жатыр.Ол жерде де сйыр құйымшақтанып жатқан мәселелер жетерлік.  Оны «Антикорда» қадағалап жатқан шығар? Соның ішінде лицензия беру, мектептерге айыппұл салу тағысын тағылар.  Бұл мәселеге алдағы уақытта зерттеу жүргізіп, ақ –қарасының нәтижесін жариялайтын болармыз. Бізге әділдік керек. Бізге шындық қымбат! Ал енді, облыс әкімі Д. А. Сатыбалды әділ, объективті қарайтын  азамат ретінде, басшы ретінде, Президенттің  облыстағы өкілі ретінде, қол астындағы басқарма басшыларының қызметін шынайы, әділ, ағын –ақ, қарасын –қара деп  бағалайтынына бек сенімдіміз!

Аспанәлі Би

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте задержан руководитель управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог городского акимата

САРСАҢҒА САЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

ШЫМКЕНТ: 15 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталады

Пікір қалдырыңыз