aspan

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының алдын ала қорытындылары мен су қоймаларындағы қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Айта кетейік, Шымкентте егістікті әртараптандыру мақсатында биыл 26,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығын қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға жеңілдетілген бағамен жанар жағармай қарастырылған. Көктемгі егіс жұмыстарының барысы толықтай бақылауға алынған, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасатын болады.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.

Төтенше жағдай министрлігі шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаменттерімен, әкімдіктермен бірлесіп, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін қолға алған. Шымкенттің климаттық жағдайына байланысты су қоймаларындағы қауіпсіздік, профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды жүргізілуде.
Қала аумағындағы 3 орында, атап айтқанда, Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орнында, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам» аймағында, Қошқар ата өзенінің бастауында шомылуға рұқсат етілді. Рұқсат етілмеген 13 орынға қатысты халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аумақтарда жедел құтқару жасағының қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылды.
Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 41 рейдтік шара жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізілуде.

Премьер-Министр жауаптыларға су қоймаларында бақылау шараларын қадағалау бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Кәсіпкерлер палатасында құрылыс саласындағы бірқатар мәселе талқыланды

Шымкентте көлік қағып кеткен 9 жасар бала қаза болды

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Пікір қалдырыңыз